Мәдениет ардагеріне құрмет көрсетілді

Мәдениет ардагеріне құрмет көрсетілді

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры Қуатбай Қуантханұлын асқаралы 60 жасқа толуымен құттықтап, мерекелік кеш өткізді. Мәдениет саласында 40 жылға жуық үздіксіз қызмет етіп жүрген Қуатбай Қуантханұлы бүгінде театрдың ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.

Салтанатты жиын барысында Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы С.Алтаев, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының директоры Б.Әмірқұлов, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының бөлім меңгерушісі М.Омаров мерейтой иесін құттықтап, сый-сияпат жасады.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театры директорының міндетін атқарушы С.Алтаев театрдың тыныс-тіршілігін бұқараға жеткізіп, насихаттап жүрген бірқатар БАҚ өкілдері мен ұжымдағы көпбалалы қызметкерлерді құттықтап, жаңажылдық сыйлықтар табыстады.