​МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

​МӘДЕНИЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Түркістан сарайында Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Бауыржан Орынтаев 10 айдағы есебін берді. Жиынға қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, мәдениет басқармасына қарасты мекемелердің басшылары, зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қатысты. Алқа отырысында ағымдағы жылдың қорытындысы және алдағы уақытта қойған міндеттері талқыланды.

Бауыржан Орынтаев мәдениет саласындағы атқарылатын жұмыстардың басымдық бағыттарына назар аударып, 2024 жылғы 10 айдағы мәдениет саласын дамыту қорытындылары туралы есебімен таныстырды. Хабарламадағы атқарылған жұмыстар мен алда орындалатын міндеттер сараланды.

– Мәдениет объектілерін қалпына келтіру бойынша 2024 жылға 15 мәдениет объектілерін жөндеу жоспарланған. Қазіргі таңда, «Шымкент қалалық опера және балет театры», «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві», «Шымкент қалалық өзбек драма театры» және «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» ғимараттарына күрделі жөндеу жұмыстары мен жылу жүйесінің ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қолдануға берілді,-деді Бауыржан Орынтаев.

Алқа отырысында мәдениет басқармасына қатысты сындар айтылып, қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек бірнеше тапсырмалар берді. Толығырақ «Шымкент келбеті» газетінің келесі нөмерінде жарияланады.

Шымкент келбеті

Ғабит Сыздықбеков

Сәрсен Құранбек

Шымкент қаласының әкімдігі

Шымкент Қаласы Мәдениет Басқармасы

Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент