Пандемияға байланысты аттестат алу рәсімінің соңын думанды кешке ұластыруға тыйым салынады, деп хабарлайды Shymkentaqpaarat
Бұл туралы Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мәлімдеді.
- Біріншіден, бұл істі жергілікті атқарушы органдар қадағалауы керек. Білім және ғылым министрлігі тарапынан методикалық нұсқау берілді. Салтанатты шара тек мектептің ауласында болады. Яғни, аттестат тапсыру рәсімі кесте бойынша өтеді. Одан әрі қарай жалғастырып, кеш ұйымдастыруға мүлдем тыйым салынған. Мұғалімдер оқушылар аттестат алғанша байланыста болады. Әрбір оқушы, әрбір ата-ана, әрбір мұғалім қауіпсіздік үшін тыйым салынып отырғанын түсінуі керек. Сантитарлық-эпидемиологиялық ахуалға байланысты түсіністікпен қарағаны жөн, - деді министрлік өкілі.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ертең соңғы қоңырау санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі форматта өтеді.