Шымкентте Полиция департаменті, Цифрландыру басқармасы және IDC компаниясы бірлесе қаладағы №83 жалпы орта мектепке интеграцияланған дабыл батырмасын орнатты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Пилоттық жоба ретінде қолға алынған бастама Мемлекет басшыс Қ.Тоқаевтың білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік шараларын барынша күшейту жөніндегі тапсырмасына сәйкес жүзеге асырылды.
Бұл «SOS» дабыл батырмасымектепте оқушылардың қауіпсіздігін нығайту мақсатында орнатылған. Батырма екі бөліктен тұрады. Жоғарғы бөлігінде эвакуациялау жоспары экранда көрсетіледі, төменгі бөлігінде дабыл батырмасы мен микрофон тұрады. Мектепте орын алған кез-келген төтенше жағдайда батырманы басқан кезде, аталған төтенше жағдай бойынша дабыл қағылады. Мәлімет Полиция департаментінің жедел басқару орталығына немесе мектеп операторына келіп түседі. Дабылдан кейін жедел көмек түрі ұсынылады.
Айта кетсек, «SOS» дабыл батырмасы пилоттық жобасын қаладағы барлық мектепке орнату жоспарланып отыр.