МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 20-АҚПАННАН БАСТАЛАДЫ

МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ 20-АҚПАННАН БАСТАЛАДЫ

Шымкент қаласында 20 ақпан – 3 наурыз аралығында 400 АЕК көлеміндегі мемлекеттік гранттың I-ші легі бойынша өтінім беру басталады.

Өтінімдер онлайн режимде «Business.enbek.kz» порталы арқылы қабылданады. Үміткерлер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім бере алады.

Мемлекеттік грант қаражаты жас кәсіпкерлерге ісін жолға қоюға және кеңейтуге, сол арқылы тұрақты табысқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Өтінім беру үшін:

Порталда тіркелу;

грант алу шарттарына сәйкестігі бойынша тексеруден өту;

порталда көрсетілген бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу (өз бетінше жасалған бизнес-жоспар жарамайды);

өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілті арқылы қол қою.

Интернетке немесе компьютерге қолжетімділік болмаған жағдайда халықты жұмыспен қамту орталықтарының өз-өзіне қызмет көрсету аймақтарында өтінім беруге болады.

Қатысушы төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

«кандас» мәртебесі бар адамдар;

өңіраралық қоныс аударушылар;

атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына (зайыбына) төленетін жәрдемақы алушылар;

мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам (жұбайы / зайыбы);

асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Сонымен қатар, үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы мерзімі 3 жылдан аспайтын сертификаты болуы тиіс.