​“МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

​“МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

“МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ” БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Шымкентте “Мерейлі отбасы - 2024” ұлттық байқауының жеңімпаздары марапатталды. Жүлдегерлерді қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтады.

Биыл конкурсқа қаладан 183 отбасы өтінім тастап, іріктелген 20 отбасы ақтық сынға өткен.

- Отан отбасынан басталады. Ұлттық байқау отбасылық құндылықтардың жандануына, дәстүрлердің жаңғыруына, түрлі буын өкілдерінің арасындағы сыйластықтың нығаюына, ұрпақ тәрбиесіне жаңаша дем беріп, өнегелі әулеттердің өрісін кеңейтуге ықпал етіп келеді. Ұлттық салт-дәстүр мен отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында өткізіліп жүрген шараға қатысуға ниет етушілердің көптігі көңіл қуантады. Мемлекет отбасы институтын дамытуға, ана мен баланы қорғау мәселесіне әрдайым айрықша назар аударады. Берекесі жарасқан, құтты шаңырақ иелерін мерейлі жеңістерімен құттықтаймыз,- деді Сәрсен Абайұлы.

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан Сыдықовтар отбасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.

Марапаттау рәсімі өнер жұлдыздарының мерекелік концертімен жалғасты.

“Шымкент келбеті”