«Мұхтар Әуезов және «Китәбу тасдиқ» мәселесі» кітабының тұсаукесері өтті

«Мұхтар Әуезов және «Китәбу тасдиқ» мәселесі» кітабының тұсаукесері өтті

Тұсаукер рәсіміне жазушы, журналист Шойбек Орынбай, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент ОҚМПУ-нің «Рухани жаңғыру және тәрбие» бөлімінің басшысы Қайрат Анарбаев, ұстаз Спабек Дәулетов, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің тілшісі Пернебай Сапаров, ақын Жәмила Көлбай және басқа да зиялы қауым өкілдері, кітапхана және музей қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Кітап авторы Құралбек Жолдасұлы - М.Әуезов атындағы ОҚУ-дың «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері, «Қазығұрт тынысы» газетінің тілшісі, ҚР Журналистер одағының мүшесі. Ол «Бәйдібек баба мен Домалақ ана» «Қазағымның киесі – Қазығұртым», «Шегір баба әулетінің шежіресі», «Ақбура ата әулие», «Ер Ақпан батыр» кітаптарының авторы.