Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Шымкент қаласында ауылшаруашылық, инвестиция тарту, құрылыс және тұрғын үй бойынша көрсеткіші қарқынды екенін айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бүгін онлайн форматта өткен жиында жыл басынан бері елдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері жөнінде баяндалды.
– Көптеген өңірлерде жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда. Өнеркәсіп нысандарын салу мен өндіріс құрылғыларын дамыту іс-шаралары есебінен Шымкент қаласында өсу байқалады. Бұл бағытта Шымкент қаласы екінші орында келеді. Яғни, өткен жылмен салыстырғанда 45,8 пайызға өскен. Биыл қаңтар-наурыз айында тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша ең үздік көрсеткіш (5,9 пайыз) Шымкент қаласында байқалды, – деді Ә.ерғалиев.
Сонымен қатар қаңтар-наурыз айындағы негізгі бес көрсеткіш бойынша Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды,Қостанай және Шымкент қаласы оң нәтижелерге қол жеткізген.
Ұлттық экономика министрі Шымкент ауыл шаруашылығы секторы бойынша да екінші орында (5,5 пайыз) келетінін атап өтті.