М.Әйтенов нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

М.Әйтенов нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бірнеше нәзік жандыны 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, шаңырағына барды.

Алдымен қала әкімі зиялы қауым өкілі - "Восход" фабрикасының директоры Гулужиган Байгаринаның шаңырағында болды. Қаланың өркендеуіне, экономикалық өсіміне елеулі үлес қосқан кәсіпкерге өзінің алғысын білдірді. Қаншама жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан фабрика - қаладағы ірі кәсіпорындардың бірі екенін айтып, ақ жарма тілегін жеткізді.

Шаһар басшысы бүгінгі құттықтауында қала зиялыларының бірі - Сайлаукүл Барахованы да естен шығармады. Экс-сенатор, облыс әкімінің орынбасары болған, ұстаз, аяулы ана Сайлаукүл Жаппарқызы қазіргі таңда құрметті зейнеттік демалысында. Үйдегі 100 жастағы қарт анасы Зара Ибрагимоваға да қала әкімі арнайы сыйын ұсынып құрмет көрсетті.


– Сіздер салған жолмен қаншама қыз-келіншек өз кәсіптерін бастап, мамандықтарының биік шыңында жүр.
Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен әйелдер бақытқа лайықты. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын - деді М.Әйтенов.