Шымкент қаласындағы «Мұз сарайында» мәнерлеп сырғанаудан жастар және жасөспірімдер арасында ҚР чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Ел чемпионаты 19-23 қазан аралығына жоспарланған. Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, Атырау, Қостанай, Қарағанды, ШҚО, Қызылорда облысынан, жалпы 150-ден астам спортшы қатысуда.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде қалалық денешынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов спортшыларға сәттілік тіледі.
Айта кетсек, аталған бәсекеде Шымкент қаласынан 23 спортшы бақ сынайды.