​М.ШАХАНОВ АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

​М.ШАХАНОВ АТЫНДАҒЫ КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

Ұстаздардың тәжірбие алмасу семинары М.Шаханов атындағы кабинеттің ашылуымен жалғасты. Қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алған Шахановтың шығармашылығы жастарға өнеге. Оның өлеңдерінен шыншылдық, ұлттық рух пен өжеттік мінез анық байқалады. Философиялық мәні бар түйдек-түйдек ойлары, байламдары әлемдік деңгейде жоғары бағаланған ақынның бұл кабинетінде кітаптары мен өлеңдері қойылған. Алдағы уақытта бұл жерде оқушылар «Көркемсөз» үйірмесіне қатысатын болады.

Кабинеттің ашылу салтанатына М.Шахановтың өзі арнайы қатысты. Оқырмандарымен кезедсіп, алғысын айтқан ақын өлең оқып, жастарға батасын берді. Іс-шара ары қарай ақынмен еркін сұхбат форматында жалғасын тапты. Ұстаздар мен оқушылар сұрақтарын қойды.

Шымкент келбеті