"Ән-ағаның" атын алған аллея

"Ән-ағаның" атын алған аллея

«Ән падишасы» атанған Шәмшi Қалдаяқовтың 90 жылдығына орай Шымкент қаласындағы «Шәмші аллеясы» күрделі жөндеуден соң, қайта пайдалануға берілді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгінде «Шәмші әлемі» – шымкенттіктердің сүйікті орны. Аллея аумағында «Шәмші аллеясы», «Неке сарайы» және көл бар.


«Шәмші аллеясы» - 2007 жылы салынған. 2011 жылы демеушілердің көмегімен гүлзардың орталық бөлігіне сахна, жаяу жүргіншілер алаңы, «Жұлдыздар аллеясы» құрылған. Ал 60-шы жылдары мұнда қала жағажайы болды, 90-шы жылдардың басында базарлар белсенді түрде тұрғызыла бастады, нәтижесінде көл құрғап, бетондалып, «көл» деп аталатын базар пайда болды.

2019 жылы Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан «Шәмші әлемі» гүлзарын абаттандыру жұмыстарының сметалық құжаттары әзірленіп, ұсынылды.

Соңғы жүргізілген жөндеу жұмыстарының нәтижесінде, гүлзар ішіндегі жаяу жүргіншілер жолының 80 пайызы жөнделді, су бұрқақтың жабындары, жасыл желектерді суғару жүйелері, жарық шамдарының жерасты кабельдері қайта қалпына келтірді.