Бүгін Шымкент қаласында республиканың өзге өңірлерімен қатар ҚР Парламент Сенаты депутаттарының сайлауы өтті. Сайлау заңнамасына, Шымкент қалалық мәслихатының депутаттары үміткерлерге дауыс беріп, сенаторды таңдады.
Сайлауға тіркелген үш кандидат қатысты. Олар Шымкент қалалық кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Әлтеев, 2018 жылдан бергі Сенат депутаты Нұрлан Бекназаров және Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Альбина Елшиева болатын.
Сайлаудың нәтижесінде мәслихат депутаттарының басым көпшілігінің дауысын алған Н.Бекназаров жеңіске жетіп, Сенат депутаты атанды. Ол Парламенттің жоғарғы палатасында Шымкент қаласынан өкілдік ететін болады.