2022 жылғы 11 сәуірден 15 сәуір аралығында "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының «7-20-25» бағыты бойынша несиелік тұрғын үйлерге shymkent-baspana.kz сайтында тәулік бойы өтінімдер электронды түрде қабылданады.
Несиелік тұрғын үйлердің орналасқан мекен-жайы: Шымкент қаласы, Тұран шағын ауданы және Әкімшілік іскерлік орталығы, Арғынбеков көшесі. Қабат саны – 12 және 9.
1 ш/метрінің бағасы, таза әрлеуде: 180 000 теңге.
Берілетін тұрғын үйлерде 900 пәтер, оның ішінде бір бөлмелі - 300 дана, екі бөлмелі -300 дана, үш бөлмелі - 300 дана.
1 бөлме ауданы – 32,7-49,3 ш.м.,
2 бөлме ауданы – 61,0 -66,0 ш.м.,
3 бөлме ауданы – 74,5- 82,0 ш.м.
«7-20-25» бағдарламасы бойынша төлем қабілеттілігі расталған азаматтар жылдық мөлшері 7 пайызды құрайтын, бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 25 жылға дейін берілетін несиелендіру шарттарымен тұрғын үй алуға болады.
Бағдарламаға қатысу шарттары:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы;
- Ипотекалық несиелердің болмауы;
- Табыстың болуы;
- Баспананың болмауы.
Бұл бағдарламаны несиелендіру бойынша екінші деңгейлі 9 банк жұмыс атқаруда. Олар: «Банк Центр кредит» АҚ-ы, «Еуразиялық Банк» АҚ-ы, «Банк RBK», «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ы, «Forte Bank» АҚ-ы, «Сбербанк» АҚ-ы, «Altyn Bank» АҚ-ы, "First Heartland Jusan Bank" АҚ, «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-ы.
Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;
2) жылжымайтын мүліктің жоқтығы (барлығы) туралы анықтама;
3) ипотекалық жылжымайтын мүлік үй қарыздарының жоқтығын дәлелдейтін кредиттік бюроның кредиттік есебі;
4) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының соңғы алты айдағы жеке зейнетақы шотынан үзіндісі;
5) жұмыс орнынан табысы туралы анықтама:
Әрбір азамат төлем қабілеттілігін растау кезеңінде банктің талабы бойынша қажетті құжаттарды ұсынады.
Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.