№ 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шымкент қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

№ 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шымкент қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

Шымкент қаласының аумақтық

сайлау комиссиясының

2024 жылғы «11» қазандағы № 51

шешімі

№ 16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шымкент қаласы мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 2-3) тармақшасына, 101-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 3-1-тармағына және 6-тармақтарына сәйкес және «Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды бір мезгілде өткізу күнін келісу туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 6 қыркүйектегі №39/47 қаулысының негізінде Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТІ:

  • №16 бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша Шымкент қаласының шығып қалған мәслихат депутатының орнына сайлау 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалсын.
  • Кандидаттарды ұсыну мерзімі 2024 жылғы 11 қазаннан 8 қарашаға дейін, кандидаттарды тіркеу мерзімі 2024 жылғы 13 қарашаға дейін белгіленсін.
  • Осы шешімнің қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 8 желтоқсанға тағайындалған, Шымкент қаласының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  • Осы шешім «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» газеттерінде және Шымкент қаласының аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырсын.

ТөрағаҚ. Құнанбаев

ХатшыҰ. Исабаева