Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі: Ұлттық зейнетақы жүйесінен келген әріптестеріміз не айтты?

Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі: Ұлттық зейнетақы жүйесінен келген әріптестеріміз не айтты?

Бұрын хабарлағанымыздай, 2024 жылдың қыркүйек айының басында «БЖЗҚ» АҚ Корея Республикасы Ұлттық зейнетақы қызметінің (әрі қарай - NPS) зейнетақы операцияларының атқарушы директоры Тэ Гю Джонг бастаған делегациясын қабылдады.

Сіздердің назарларыңызға, Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі туралы әріптестеріміз бөліскен негізгі ақпараттарды ұсынамыз.

  • Тарихтан сыр тартсақ

Зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты ұлттық бағдарламалар Кореяда 1988 жылы енгізіліп, кезең-кезеңімен жүзеге асырылды. NPS - Ұлттық зейнетақы операторы. Ол жасына, мүгедектікке, асыраушысынан айырылуға байланысты зейнетақы, біржолғы зейнетақы төлемдерін жүзеге асырады. Міндетті зейнетақы жарналарын (бұдан әрі - МЗЖ) жинауды да NPS жалпы 9% мөлшерлеме бойынша (қызметкер/жұмыс беруші 4,5% мөлшерінде теңдей) жүзеге асырады. Ал өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар 9% мөлшеріндегі жарналарды өздері төлейді. МЗЖ мөлшерлемесі біртіндеп өсті: 1988 жылы 3%-дан басталып, 1993-1997 жылдар аралығында 6%, 1998 жылы 9% - ға дейін көтерілді. Болжам бойынша, зейнетақы жүйесін оңтайландыруға қатысты жоспарланған шараларды ескере отырып, ол 13%-ке дейін өседі.

Оңтүстік Кореяда зейнетақымен қамсыздандыру саласында 2 реформа жүргізілді:

- 1999 жылғы бірінші реформа (кірісті алмастыру коэффициенті (бұдан әрі – КАК) 60% - ға дейін төмендетілді, зейнет жасы кезең-кезеңімен 60-тан 65 жасқа дейін артады),

- 2008 жылғы екінші реформа (2028 жылға қарай КАК-ты кезең-кезеңімен 40%-ға дейін төмендету көзделуде).

  • Зейнетақы жүйесінің құрылымы
  • Жетістіктері
  • Сандық қызметтер
  • Мәселелер мен олардың шешімдері

Корея Республикасындағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне екі мемлекеттік орган жауап береді: Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі, Жұмыспен қамту және еңбек министрлігі. Оңтүстік Кореяның әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мына бағыттарды қамтиды:

Қамсыздандыру түрі

Қамту

Жарна мөлшерлемесі

Төлемдер

Ұйым

Ұлттық

зейнетақымен қамсыздандыру (Ұлттық зейнетақы)

Жұмысшылар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

9,0%

Жасы бойынша зейнетақы

Мүгедектік бойынша зейнетақы

Асыраушысынан айрылуға байланысты зейнетақы

Біржолғы төлемдер

Ұлттық зейнетақы қызметі

Медициналық сақтандыру

Жұмысшылар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар

7,09%

Медициналық жәрдемақылар

Жүктілікке және босануына байланысты жәрдемақылар

Ұлттық медициналық сақтандыру қызметі

Жұмыспен

қамтуды

сақтандыру

Жұмысшылар

1,8%

Жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар

Қайта білім алу

Жұмыс іздеу

Жұмыспен қамту орталықтары

Жазатайым оқиғалардан сақтандыру жүйесі

Жұмысшылар

1,47%

Мүгедектік бойынша зейнетақы

Асыраушысынан айрылуға байланысты зейнетақы

Біржолғы гранттар (төлемдер)

Жерлеуге берілетін төлемдер

Кореяның өтемақы және әлеуметтік қамсыздандыру қызметі

Барлығы

19,36%

Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесі көп деңгейлі, оған мыналар кіреді:

- 64 жастан асқан ел азаматтарының шамамен 70% алатын мемлекет есебінен берілетін базалық зейнетақы,

- ұлттық зейнетақымен қамсыздандыру (Ұлттық зейнетақы Кореяның зейнетақы жүйесіне 10 жылдан астам уақыт қатысқан адамдарға ай сайынғы негізде, өмір бойы жүзеге асырылады. Мемлекет қамтамасыз ететін, үлестіру түріндегі жүйе болып табылады (DB-белгіленген төлемдермен),

- жасына байланысты зейнетақы (алынатын табысқа байланысты корпоративтік зейнетақы),

- жеке жинақ негізіндегі жеке зейнетақы.

Азаматтардың жекелеген санаттары (мемлекеттік қызметкерлер, әскери қызметкерлер және мұғалімдер)үшін берілетін арнайы кәсіптік зейнетақы бар.

Кореяның Ұлттық зейнетақы қоры зейнетақы активтерінің мөлшері бойынша әлемдегі ең ірі үш қордың қатарына кіреді (зейнетақы активтерінің көлемі - 807 млрд АҚШ долларына тең, сарапшылардың болжамы бойынша оның көлемі 2041 жылы 1,4 трлн АҚШ долларына жетеді). 1988 жылдан бастап халықты зейнетақы жүйесімен қамту деңгейі айтарлықтай өсті. 2023 жылдың соңында міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) 21,2 млн адам, ерікті зейнетақы жарналарын (ЕЗЖ) – 325,4 мыңнан астам адам аударды. Салыстыру үшін 1988 жылы тек 4,4 миллион салымшы болған. Төлем алушылар саны 8 есеге өсті: 1993 жылғы 600 мыңнан 2023 жылдың аяғында 7,6 миллион адамға дейін.

NPS цифрлық байланыссыз қызметтерді (чат-бот, мобильді кеңсе, мобильді анықтама қызметі, ұялы қосымша), қашықтан жұмыс істеу жүйесін (ішкі және сыртқы пайдаланушыларды виртуалдандыру) белсенді түрде дамытып, басқа да техникалық жаңалықтарды енгізуде. 2018-2024 жылдар аралығында ақпараттық технологиялар жүйесінің төртінші буыны орнатылуда, яғни қазіргі уақытта NPS зейнетақы қызметтерін жасанды интеллект көмегімен көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық платформаны енгізу сатысында тұр.

Жасанды интеллекттің көмегімен құрылған NPS "виртуалды қызметкері" БЖЗҚ-дағы әріптестеріне орыс тілінде кеңес берді. NPS виртуалды кеңесшісі пайдаланушылардың қажеттіліктеріне сәйкес 10 немесе одан да көп тілде ақпарат пен ұсыныстар бере алады. NPS өкілдерінің пікірінше, виртуалды кеңесшілердің көмегімен еңбек өнімділігі мен қызмет көрсету сапасы айтарлықтай жақсарып, операциялар оңтайландырылады және салымшылар көбірек тартылады. NPS-тен келген әріптестеріміздің айтуынша, жасанды интеллект нарықты шабуылдай жаулап, салымшыларға қызмет көрсетудің болашағын қалыптастыруда. Сондықтан осындай инновациялық шешімдерді қабылдауға және олармен егжей-тегжейлі танысуға дайын болу маңызды.

Корея Республикасының зейнетақы жүйесінің дамығандығына қарамастан, бірқатар мәселелер де бар:

- өмір сүру ұзақтығының ұлғаюына байланысты егде жастағы адамдар үлесінің өсуі (2018 жылы 65 жастан асқан адамдар халықтың жалпы көлемінің 14% құрап, сарапшылардың болжамы бойынша 2051 жылы бұл үлес жалпы көлемнің 40% жетеді),

- туудың төмен деңгейі (туудың жиынтық коэффициенті 2023 жылғы 0,8% - дан ағымдағы жылы 0,7% - ға дейін төмендеді),

- егде жастағы тұрғындар арасындағы кедейліктің жоғары деңгейі,

- зейнетақы жүйесіне жарналардың төмен мөлшерлемелері,

- кірісті алмастыру коэффициентінің (КАК) жоғары деңгейі,

- - халықтың 23,5% құрайтын өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жоғары үлесі, олардың нақты табысын анықтау қиын.

Сарапшылардың пікірінше, аталған мәселелер Оңтүстік Кореяның зейнетақы жүйесінің тұрақтылығына айтарлықтай кері әсерін тигізеді және жас ұрпақ үшін ауыр жүк болуы мүмкін. Осы демографиялық ахуал сақталып, уақытылы шаралар қабылданбаған жағдайда 2050 жылға қарай Кореяның Ұлттық зейнетақы қорының резервтері болжам бойынша сарқылады.

Оңтүстік Кореяда жоспарланған зейнетақы жүйесін оңтайландыру шаралары:

- халықтың көп бөлігін базалық зейнетақымен қамсыздандыру,

- резервтердің сарқылуына жол бермеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру:

1) қорлардың кірістілігін арттыру,

2) зейнет жасын ұлғайту,

3) МЗЖ мөлшерлемесін 13% дейін арттыру,

4) базалық зейнетақыны ескере отырып, КАК-ты 52% дейін төмендету (40% - Ұлттық зейнетақы және 12% - базалық зейнетақы) және т. б.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 5 қыркүйегінде Корея Республикасының Ұлттық зейнетақы қызметі мен "БЖЗҚ" АҚ арасында Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Меморандум "БЖЗҚ" АҚ мен NPS арасындағы болашақтағы өзара қарым-қатынас үшін берік негіз болады және зейнетақы қорларының қызметіне байланысты мәселелер бойынша ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мақсатында жасалды.

Фотосуреттер мына сілтемеде:

https://www.enpf.kz/ru/about/press-center/visual-media/section-detail.php?SECTION_ID=82

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).