Пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды

Пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды

21-31 қазан аралығында Литваның Вильнюс қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті. Бұл сайыста Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары «Жатып сығымдап көтеру» жаттығуы бойынша 11 жүлде жеңіп алды: 6алтын, 2 күміс және 3қола.

Атап айтқанда, әйелдер арасында Ксения Хан (76 келі) 2 алтын, Алевтина Николаева (84 келі) 1 алтын, Азиза Абдураимова (84 келі) 1 қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Айдар Қошқаров 1 күміс және 1 қола, жасөспірімдер арасында Руслан Кәрімбеков (53 келі) 2 алтын, Жавлан Шаукатов (93 келі) 1 алтын, Тохиржон Абдурахманов (105 келі) 1 күміс және Қуанышбай Төлегенов (74 келі) 1 қола жүлдеге иелік етті.


Пауэрлифтинг бойынша түрлі халықаралық жарыстарда Қазақстан спортшыларының жеңісті дәстүрі бар. Оның ішінде, Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!