ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Мамин мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойды қабылдады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Ақордаға сілтеме жасап
Кездесуде еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы мен республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері сөз етілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа халыққа екпе егуге қатысты қабылданып жатқан шаралар жайында айтылды. Асқар Маминнің айтуынша, сәуірден бастап ай сайын 2 миллион адамға вакцина салу жоспарланып отыр.
«Премьер-министр Қазақстанның COVID-19 індетіне қарсы вакцина шығарушы он мемлекеттің және өз әзірлемелерін тіркеген бес елдің қатарына кіргенін айтты. Сонымен қатар ол 26 сәуірден бастап ASHYQ қосымшасын барлық облыстар кең көлемде қолданыла бастайтынын атап өтті», – делінген хабарламада.
Бұл «қызыл» және «сары» аймақ кезінде экономиканың әртүрлі секторының қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа 29-30 сәуір күндері өтетін Еуразиялық парламентаралық кеңестің отырысына дайындық барысы туралы да баяндады. Оған қоса, инвестиция тарту, халықты жұмыспен қамту мәселелері де қарастырылды.
Кездесу соңында Президент отандық вакцина өндірісін арттыруды және оның халыққа қолжетімді болуын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.