Президент бүгін бейнеүндеу жасайды

Президент бүгін бейнеүндеу жасайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Президенттің баспсаөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін, Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша, шамамен сағат 19:15-те Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды»,- деп жазды ол.

Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.

Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.