Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық ведомстволар қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі
«Сыртқы саясат саласының қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздердің негізгі міндеттеріңіз - ұлттық мүддені ілгерілету және қорғау, еліміздің халықаралық аренадағы беделін арттыру. Бұл бағытта айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізілді. Сіздерге осы жауапты мемлекеттік миссияны атқаруда табыс тілеймін!», - деп жазды Президент Twitter парақшасында.
Айта кетсек, Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек жолын КСРО Сыртқы істер министрлігінде бастаған. Ел тәуелсіздігінен кейін 1992 жылы Тоқаев Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылға дейін сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды.