Бүгін, 16 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне бейнебайланыс арқылы қатысады. Бұл туралы Берік Уәли Facebook-те жазды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі
«Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді. Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері, сондай-ақ, 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланбақ» - делінген ресми хабарламада.
Айта кетсек, ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның тікелей бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылы елордада өткен болатын.
Бүгінгі іс-шара Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады деп жоспарланған.
Саммиттің тікелей көрсетілімі