Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал жөнінде жұмыс кеңесін өткізеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Жиынға Премьер-Министр, ведомстволардың басшылары, қалалар мен облыстардың әкімдері қатысады. Мемлекет басшысы коронавирус індетіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы Үкіметтің есебін тыңдайды»,- делінген хабарламада.
Кеңес барысында өңірлердегі жалпы жағдайды жақсартуға және Қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтауға бағытталған үйлесімді іс-қимылдар жоспары қабылданбақ.