Мемлекет басшысы ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысу үшін Бішкек қаласына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
— Қасым-Жомарт Тоқаевты Манас әуежайынан Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы — Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Адылбек Қасымалиев қарсы алды, — делінген хабарламада.
Бішкектегі ҰҚШҰ саммиті қарсаңында мемлекеттер басшылары «Ала-Арча» резиденциясында бейресми кездесу өткізді.
— Резиденциядағы «Кыргыз айылы» этнографиялық кешенінде мәртебелі меймандарға қырғыз халқының тұрмыс-салты мен мәдениеті таныстырылды.
Еске сала кетейік, бүгін, 27 қарашада Бішкекте Қырғызстанның төрағалығымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің келесі сессиясы өтеді.