10 шілде, сенбі президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жиын сағат 11:00-де бейнебайланыс режимінде өтеді.
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-те хабарлады.
Отырыста Қазақстанның биылғы жартыжылдықтағы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланады. Сондай-ақ Тоқаев пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономиканы дамытудың міндеттерін белгілеп береді.