Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан өткен «Шұбар доп» мектеп лигасында шымкенттік команда топ жарды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Республикалық додаға Шымкент қалалық №71 орта мектеп командасы аттанды. Еліміздің Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» ұйымдастырған сайысқа 9-11 сынып оқушылары қатысты.
Жеті жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан жарыстың мақсаты – жас буын арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау.
Айта өтейік, қазіргі таңда сайыс әлі де жалғасуда. Онда 3 жас ерекшелігі бойынша баскетбол мен футзалдан әр өңірдің командалары бақ сынауда.