Шымкент қаласында интернеттің қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.Бүгінде мобильді және оптикалық-талшықты интернеттің таралу аясын кеңейту жұмыстары атқарылуда.
Қаладағы 195, 276 орамдарын қажеттілігіне қарай сапалы интернет желісімен қамту мақсатында басқарма тарапынан жеке инвесторлар тартылған болатын.
Қазіргі таңда, «СпецавтоматикаСервис» ЖШС-гі аталған орамдарға толыққанды талшықты оптика желісімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.
Тиісті жұмыстар ағымдағы жылдың мамыр айына дейін аяқталып, тұрғындар 100 пайыз сапалы интернетпен қамтылатын болады.