«Shanyraq» орталығында тұрғын үй басқармасы басшысының м.а. Абылайхан Балықбаев тұрғындармен кездесіп, несиелік бағытта баспаналы болудың жолын түсіндірді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жеке қабылдауға келген азаматтар несиелік бағытта баспаналы болудың жеңілдетілген бағдарламаларының шарттары мен талаптары жөнінде сұрағын қойып, осы бағыттағы туындаған мәселе жөнінде әңгімелесті.
Тұрғындардың мәселесін тыңдаған басқарма басшысының міндетін атқарушы үй кезегіндегі азаматтарға баспаналы болудың еңтиімді жолы «Бақытты отбасы» мен «Шаңырақ» екенін алға тартты.
–Үй кезегіне тіркелген азаматтар «Нұрлы жер» бағдарламасы аясындағы жеңілдетілген пайызбен«Шаңырақ», «Бақытты отбасы» бағыттары қаралған. «Шаңырақ» бағытының талаптарына сәйкес төлемге қабілетті, үй кезегіне тіркелген барлық санаттағы азаматтардың өтінім жіберу мүмкіндігі бар. Ал. «Бақытты отбасы» бағытына тұрғын үй кезегінде тіркелген көпбалалы, толық емес және мүгедек бала асыраушы отбасылар санатындағы азаматтарғана қатыса алады. Сонымен қатар міндетті түрде төлем қабілеттілігі болу қажет. Бұл екі бағытбойынша өтінімдерді қабылдау Отбасы банкінің интернет ресурстары арқылы жүргізіледі,- деді А.Балықбаев.
Ал, 7-20-25 бағытына төлемге қабілетті, иелігінде жылжымайтын мүлік тіркелмеген барлық азаматтар қатыса алады. Азаматтар бірінші нарықтан тұрғын үйді немесе пәтерді өзі таңдайды. Бұл бағыт бойынша төлем қабілеттілігін растау үшін, яғни пәтерді рәсімдеу үшінекінші деңгейдегі 8 банк жұмыс істейді. Олар:Банкцентркредит, Еуразиялық банк, Халық банкі, Сбербанк, АТФ банк, Жусан банкі, РБК банкі, Форте банк.
Айта кетсек, «Бақытты отбасы» бағдарламасына 2021 жылға Шымкент қаласы бойынша бөлінген лимитке сәйкес «Отбасы банк» арқылы өтінімдер қабылдау аяқталған. Аталған бағытқа қатысуды көздегеназаматтар келесі жылыОтбасы банкіне өтінім тапсыра алады.