Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Қажымұхан Мұңайтпасовтың 150 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасына қарасты спорт мекемелері арасында спартакиада ұйымдастырылды.
Спорттық іс-шарада санитарлық талаптар толық сақталды. Спартакиада Шымкент қаласындағы спорт нысандарда 2021 жылдың 6-16 желтоқсан күндері аралығында спорттың 5 түрінен өткізіледі (кіші футбол, волейбол, үстел теннисі, жеңіл атлетика, жүзу). Спартакиадаға жалпы саны 400-ге жуық адам қатысты.
Спорттық іс-шараны Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дарменов сайысты салтанатты түрде ашты. Қатысушылар бекітілген кестеге сай жеңіл атлетикадан спорттық жарыстарын бастады. Спорттық сайыс аяқталғаннан кейін жеңімпаз командалар алғыс хаттармен арнайы медальдармен марапатталатын болады.