Шымкент қаласында стендтік атудан ҚР V Жастар ойындарының ашылуы салтанаты өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
2021 жылдың 26 сәуір – 03 мамыр аралығында «Shymkent shooting plaza» ату кешенінде Стенд атудан V Жастар спорттық ойындары өтуде. Сайыста Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда облыстарынан келген жалпы 100-ге жуық жас спортшы бақ сынауда.
Бұл 4 жылда бір рет өтетін ауқымды жарыстың ашылу салтанатында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қатысушыларға сәттілік тіледі.
– ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің және қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен өткізіліп жатқан сайыстың мақсаты – стенд ату спортын танымал ету, спорттық резервтердің оқу-жаттығу процесстері дайындығы сапасын тексеру, келешекте үміт күттіруші жас спортшыларды республиканың құрама командасына іріктеу жүргізу,- деп атап өтті Мақсұт Пернебайұлы.
Айта кетейік, аталған спорттық сайысты ұйымдастыру барысында барлық санитарлық талаптар сақталады.