Шымкентте биылғы жаз бұрынғы жаздан өзгерек. Олай дейтініміз, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй, ерекше демалыс сыйлау мақсатында «Шым қала кештері» атты концерттік бағдарламаларын 27 шілдеден бері тұрақты өткізіп келеді.
OPEN AIR форматындағы концерттік іс-шара қаладағы халық көп шоғырланатын демалыс аймақтарында әр сенбіде өтуде.
Бүгінгі сенбінің кешінде «Наурыз» алаңында «Шымкент-Цирк» эстрадалық оркестрі өнер көрсетсе, «Шымсити» саябағында опера және балет театры ұжымы әуелеген әнімен халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Сонымен қатар, «Асар»шағын ауданы халқы «Шымкент концерт» ұжымының концертін тамашалап, кешті көңілді өткізді.
Өткізіліп жатқан іс-шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына мәдени, рухани демалыс сыйлап келеді. Айта кетейік, «Шым қала кештері» күзге дейін жалғасады.
«Шымкент келбеті»