Бұл туралы бүгінгібрифингте Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасының басшысы Ж.Утебаева менаталған басқарманың басшысы орынбасары м.а. Ж. Ордабекова мәлімдеді.
«2022 жылдың28 шілде күні сағат 09-00 ден 29 шілде күні сағат 19-00 аралығында Шымкент қаласы бойынша 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдаужүргізіледі.
Жұмыс істейтін және қажетті балл жинаған жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтерТұран шағын ауданында орналасқан»,- деді басқарма басшысы Жанат Өмірсейітқызы.
Сонымен қатар, 2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланға болса, оның ішінде жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер беру қарастырылған. Аталған бағдарлама бойынша жыл соңына дейін кезең - кезеңімен конкурстар өткізілетін болады.
Сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлер жастардың ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болуы үшін қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, жұмыс істейтін жастарды қолдауға арналған жоба.
Жастар 5 жыл көлемінде 5000-17000 теңге аралығындағы соммаға отбасы құрамына қарай 1 немесе 2 бөлмелі пәтерді жалдап тұра алады.
Қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
- Жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;
- Бағдарламаға қатысуға өтінім берушініңсоңғы 2 жылда Қазақстан
- Республикасы аумағында иелігіндетұрғын үй тіркелмеуі керек;
- Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы тиіс;
- Ай сайынғы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден)асуы шарт.
Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталындаЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы )арқылы өтініш бере алады.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ