​Шымкент: Биыл 161 пәтерге комиссияның шешімі шықты

​Шымкент: Биыл 161 пәтерге комиссияның шешімі шықты

Шымкентте І-тоқсанда 2 796 азамат тұрғын үй кезегіне тіркеліп, қала бойынша үй кезегінің тізімі 43 906 адамға жеткен. Бұл жөнінде Тұрғын басқармасының басшысы Азамат Рысжанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Басқарма басшысының сөзінше тұрғын үйлер тек заң аясында, электронды кезекпен жүзеге асырылып келеді.

Биыл 976 отбасыны арендалық пәтермен қамту жоспарланса, «Жастар» бағдарламасы арқылы 300 пәтер кілті үлестірілді. Сонымен бірге 1 сәуір күні 161 пәтерге комиссияның шешімі шықты. Оның ішінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға 10 пәтер, әлеуметтік әлсіз топқа 45 пәтер және көпбалалы отбасыларға 106 пәтер беріледі. Тұрғын үй комиссиясының келесі отырысы мамар айында жоспарланып отыр.

Қала әкімдігі тарапынан жыл соңына дейін 1 580 пәтер сатып алу көзделген. Бұл бағытта 22,5 млрд. Теңге қаржы қарастырылған. Қазір мердігерлердің жұмысына талдау жүргізіліп отыр.

Осы жылдың соңына дейін 4 197 отбасыны кредитпен қамту жоспарланған. Бастапқы жарна үшін жергілікті бюджеттен 300 млн теңгеге дейін (әр азаматқа 1 млн теңгеге дейін) тұрғын үй сертификаты беріледі.


Фото: Ашық дереккөз