Бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов жыл басынан бері атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
«Абай ауданың аумағындағы 34 елді мекеннің 31-і (96%) мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Ал қалған 3 елді мекен (4%) жеке меншік трансформаторларды пайдаланады. Биыл Абай ауданы аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылады» - деді аудан әкімі.
Спикердің сөзінше, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылып, 97%-ды құрап отыр. 2022 жылы 5,2 млрд.теңгеге 1 жобаның (Құрсай, Арғымақ) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін құрылыс жұмыстары аяқталып, елді мекендер сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.
Ауданның 8 елді мекені 115,9 мың адам (36,0%) орталықтандырылған кәрізбен қамтылған, қалған 26 елді мекен 207,0 мың адам (64,0%) кәрізбен қамтылмаған. Ал 2025 жылға дейін 59 пайыз орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде.
Сонымен қатар, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 24 елді мекені (73,5%) табиғи газ жүйесімен қамтылса, қалған 10 елді мекен қатты отынды пайдалануда.
2021 жылға дейін Ауданындағы 71 көше жарықтандырылған болатын. Бұл көрсеткішті арттыру мақсатында биыл мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында аудандағы 111 (30) көшеге жарықшам орнатылды. 2023-2025 жылдары жарықтандырлған көше саны 259-ға жетеді.
Айта кетейік, 2022 жылы 56 шақырым жол пайдалануға берледі. Жалпы 39 жобаға құны 2,4 млрд.теңге қаралған.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы