Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Шымкентте «егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Күні кеше қала әкімі Мұрат Әйтенов жоба аясында жаңадан ашылған әлеуметтік дүкеннің жұмысымен танысты. Бұл жерде бірінші кезекте күнделікті тұтынатын азық-түліктерге басымдық берілген.
Дүкендегі азық-түліктер мен жылыжай көкөністері тек Шымкентте өндірілген. Қаланың төл өнімі болғандықтан барлық заттар делдалсыз тікелей жеткізіледі. Айта кетерлігі, бұл жердегі барлық тауар өзге сауда орындарынан қарағанда 20 пайыз төмен бағада сатылады.
Жобаның инвестициялық құны - 50 млн. теңге. Елшібек батыр көшесінде орналасқан дүкенде қазір 10 адам жұмыспен қамтылған.
Әлеуметтік сауда орнын аралаған М.Әйтенов тиісті сала басшысына ауылшаруашылық өнімдеріне арналған осындай дүкендердердің санын көбейтуді тапсырды.
М. Әйтенов экономикадағы бағаны тұрақтандырудың бірден бір жолы ретінде осындай дүкендерді көбейту бағытында жұмыс жанданатынын атап өтті.