Шымкент оқу жылының ІІ жартыжылдығында «Күнделік» жүйесіндегі белсенділігі үшін екінші рет «Алтын түйме» белгісін иемденді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Күнделік» ЖШС-і басшылығы «Алтын түйме» белгісін қала әкімі Мұрат Әйтенов пен Білім басқармасының басшысы Жанат Тажиеваға табыстап, электрондық журнал жүргізуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Шымкент оқу жылының бірінші жарты жылдығында да «Алтын түйме» белгісін иеленген болатын. «Күнделік» ЖШС-і басшылығы оқу жылында электронды журналды жүргізуге белсенділік танытқан ұстаздар мен әдістемелік кабинеттің әдіскерлеріне «Құрмет граммотасын» табыстады.
Биыл қала мектептері толық электронды журнал жүйесіне көшті. Жүйенің жұмысын бақылау үшін қаладағы мектеп педагогтерінен әдістемелік топ құрылған болатын. Оған Білім басқармасының жанынан құрылған Әдістемелік орталық жетекшілік етеді.
Айта кетсек, журналды сапалы және уақтылы толтыруда Атырау облысы– «Күміс түйме», Ақмола облысы – «Қола түйме» жеңіп алды.