Шымкентте биылғы жылдың қаңтар-сәуір айының қорытындысымен өнеркәсіп өнім көлемі 243,3 млрд. теңгені құраған. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 114,4 пайызға өскен. Мұндай көрсеткішпен Шымкент республикада үздік 1 бестік құрамына енді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді.
Министрдің сөзінше Шымкентте пайдалануға берілген тұрғын үй Жыл басынан 111,3 мың шаршы метрге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 6,3 есеге ұлғайған. Нәтижесінде үшінші мегаполис еліміздің үздіктер қатарынан көрінді.
Ал, ауылшаруашылығының өнім көлемі 9,3 млрд. теңгені құрап, нақты көлем индексі 1,6 пайызға өскен. Инвестиция көлемі 59,7 млрд. теңгені құрап, 25,2 пайызға артты. Өсім бойынша қаламыз республикада бірінші бестікке кірді. Сонымен қоса, құрылыс жұмыстарының көлемі 19 млрд.теңгені құрап, 22,5 пайызға өсті.
Инвестиция және құрылыс жұмыстарының өсімі «ПКОП» ЖШС – мұнай өңдеу зауытында қайта құру және жаңа құрал-жабдықтар алу, «Hevel Kaзахстан» ЖШС-мен күн электрстанциясының, жол айрығы, тұрғын үй құрылысы есебінен болды.
Ал, жалпы сауда көлемі 103,9 пайызды құраса, көлік көлемі 105,9 пайызды құрап, республикада көш бастады.