ШЫМКЕНТ: ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІЛЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: ӨҢІРЛІК КАДР РЕЗЕРВШІЛЕРІ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

???? Шымкентте жалпы өңірлік кадр резервін іріктеуге 35 жасқа дейінгі 400-ге жуық үміткер қатысқан. Нәтижесінде 30 резервші іріктеуден өтті.

Жоба аймақтардағы жас басқарушылар пулын қалыптастыруға, талантты жастарды тарту арқылы еліміздің өңірлерінің дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.

???? Өңірлік кадр резерві қатарынан Мұхтар Жанәбілұлы

Сабаев

Шымкент қаласының туризм, сыртқы байланыстар және креативті индустрия басқармасы басшысының орынбасары лауазымына конкурстан тыс тағайындалды. Сондай-ақ, Қайрат Айдосұлы Иембердіев Денсаулық сақтау басқармасы емдеу профилактикалық және мемлекеттік қызметтерді үйлестіру бөлімінің басшысы лауазымына конкурстан тыс тағайындалды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі