​ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

​ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ ЖАҢА МАУСЫМЫ АШЫЛДЫ

Шымкент қалалық өзбек драма театрының жаңа маусымы ашылуына орай театрдың әртістері мен «Ғунча» халық ансамблі, «Өзбегім» дайрашылар тобының

қатысуымен “Ғайра-Ғайра” комедиясы сахналанды.

Іс-шараның мақсаты: Х.Х.Ниезийдің шығармашылығын кеңінен насихаттау, көркем әдебиетті, қала тұрғындарының рухани танымын кеңейту, отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық, ізгілік идеалдары мен қағидаларын сақтап қалу қасиеттерін қалыптастыру.

Комедиялық шығармада қала судьясы мақта фабрикасының иесі Касымжанның әйеліне көз қырын салып, күйеуінен алшақтатып, оның әйелін өзінің жұбайы етудің айласын ойлап тапқаны және щз жоспарын жүзеге асыру мақсатында жергілікті өсекші және көріпкел болып табылатын Мастон есімді әйелмен сөз байласқаны көрсетілген. Сондай-ақ, Қасымжан әйелі мен өзіне жоспарланған Қазы мен Мастонның қулықтары мен айласын байқап, өздерін тұзаққа түсіріп, отбасын құтқарып қалатыны. Бұл қойылымда отбасылық құндылықтарды сақтап қалу, ер азаматтың отбасы алдындағы жауапкершілігі мен қамқорлығы комедиялық бағытта болса да, аса көркем бейнеленген.

Шығарманың негізгі мақсаты: Отбасылық құндылықтарды сақтауды насихаттау. Бақытты әрі берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі екенін көрсету.

“Шымкент келбеті” газеті