Шымкент қаласы мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті

Шымкент қаласы мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті

Шымкентте жетінші шақырылымдағы қалалық мәслихатының кезекті тоғызыншы сессиясы өтті.

Сессия жұмысына қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан мен мемлекеттік орган басшылары және қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

VII шақырылған қалалық мәслихатының кезекті сессия отырысын қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов жүргізіп отырды. Ал күн тәртібінде 15 мәселе қаралды. Оның ішінде жылу маусымына дайындық шаралары, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту, қаладағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту сынды мәселелер бар.

Жиында алдымен сөз алған қалалық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Рахымберді Мулкеманов «2021-2023 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №72/651-6с Шымкент қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндама жасады. Баяндамашының 2021-2023 жылдарға арналған бюджетіне 10 млрд теңге қосымша қаржы қарау туралы ұсынысы бір ауыздан қолдау тапты.


Мұнан соң, энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Булатбековтың жылу маусымына дайындық шаралары туралы және төрт аудан әкімдерінің есебі тыңдалды.

Сессиядағы күн тәртібіндегі мәселелер алдымен бірлескен тұрақты комиссияларының және «Nur Otan» партиясы фракциясының отырысында егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар сессия отырысында бірауыздан шешім қабылдады.