Бүгін «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың төрағалығымен қалалық партия филиалының Саяси кеңесі Бюросы отырысы өтті, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жинында қалалық партия филиалының Саяси кеңесінің Бюросында Қоғамдық кеңестердің жаңа құрамы мен Төрағалары бекітілді.
Саяси кеңес бюросының шешіміне сәйкес, Nur Otan партиясының Шымкент қалалық филиалының жанынан «Ұлт денсаулығы мәселелері жөнінде» Қоғамдық Кеңес құрылды.
Партия филиалының Төрағасы, қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тікелей сенімі мен Партияның Саяси кеңес бюросының шешімімен аталған Қоғамдық кеңестің Төрағасы болып Есенбек Серкебаев cайланды.
Бюро отырысында партия филиалдары сайланбалы органдарының (саяси кеңестердің, саяси кеңестер бюроларының, бақылау-тексеру комиссияларының) және төрағаларының, төраға орынбасарларының, бастауыш партия ұйымдары бюроларының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты «Nur Otan» Партиясы Жарғысына сәйкес қалалық және аудандық партия филиалының есеп беру, сайлау конференцияларын және бастауыш партия ұйымдарында жиналастар өткізу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, Партияның сайлауалды бағдарламасының бағыттары бойынша өңірлік қоғамдық кеңестерінің төрағалары мен құрамдары бекітілді.