Шымкент: Шілдеде 2 электр станцияның құрылысы аяқталады

Шымкент: Шілдеде 2 электр станцияның құрылысы аяқталады

Қала әкімінің орынбасары Мәулен Айманбетов құрылысы қарқын алған бірқатар электр тарату қосалқы станцияларындағы жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгінде құрылысы жүріп жатқан 220 кВ «Бозарық» қосалқы стансасының таратушы көзі «Қазфосфат» ЖШС-на қарасты «ГПП-2» ҚС-ын қайта құру жұмысының 89 пайызы аяқталған.

Мұнан кейін әкім орынбасары «1-М-1» қосалқы станциясындағы құрылыс жұмысын пысықтады. Қазір станциясының құрылысы 90 пайызға аяқталған. Құрылыс шілде айында толық аяқталуы жоспарланып отыр.

Бұл электр тарату станциясы пайдалануға берілсе, 4 елді мекендегі 70 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтылады. Олар – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай және Қайнарбұлақ тұрғын алабтары.

Кездесу барысында М.Айманбетов мердігер мекемелерге құрылыс жұмысын сапалы әрі белгіленген уақытында аяқтауды тапсырды.