Маусым айынан бастап Қазақстанда автожолдардың 18 учаскесі ақылы болады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Бір екершелігі төмендегі ақылы жолдарда шлагбаум болмайды. Төлем алудың «ашық» жүйесі енгізіледі. Яғни, автокөліктердің жүріп өткен жолы туралы ақпарат аркаларда орналасқан бейнебақылау арқылы тіркеледі.
Енді алдағы айдан бастап қай тасжолдар ақылы болады?
- Шымкент – Өзбекстан шекарасы;
- Орал – Ресей шекарасы (Саратов, Самара);
- Ақтөбе – Орынбор (РФ шекарасы)
- Щучинск – Петропавл;
- Шымкент – Қызылорда;
- Шымкент – Тараз;
- Тараз – Қайнар;
- Қапшағай – Талдықорған;
- Қарабұтақ – Қызылорда;
- Ақтөбе – Орал;
- Нұр-Сұлтан – Қостанай;
- Павлодар – Семей – Қалбатау;
- Ақтау – Бейнеу.
Айтқандай, жоғарыда аталған тасжолдар 3 техникалық санат бойынша төлем жасайды. I санатта барлық автокөлік ақы төлесе, II және III тех. санаттағы автожолдарда тек жүк көліктері шығындалады.
Фото: ашық дереккөз