Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қоғам қайраткері, жазушы Жан Ақжанов мәлімдеді.
Бірегей идея авторының айтуынша, ауқымды көрменің негізгі мақсаты – әр өңірдің көрікті, тарихи жерлерін, еңбек адамдарын фотосуреттер арқылы басқа аймақтарға таныстыру.
Биылғы жылғы 18 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласынан бастау алатын тың жоба, еліміздің барлық облыс және аудан орталықтарында ұйымдастырылатын болдаы.
Жоба авторы екі айдан астам уақыт көлемінде еліміздің барлық өңірінде іс-сапарда болатынын жеткізді.Қажетті материалдар жинақталған соң, арнайы құрылған комиссияға ұсынатын болады. Фото көрмеде танымал тұлғалар мен тарихи жерлер көрсетіледі. Әзірге бұл жобаның дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ, көрмеге мемлекеттік қызметшілердің имиджін арттыру мақсатында түсірілген фотолар да қойылатын болады.
Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы