«Шымкент жастар лигасы» жобасының баскетболдан озық болғанкоманда анықталды. Жеңімпаздарды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысушыларға қолдау білдіріп, үздік команданы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Мектеп оқушыларын салауатты өмірге баулып, республика чемпионатына команда жасақтауды көздеген «Шымкен жастар лигасы» биыл 1 наурызынан бастау алған болатын.
Спорттыңфутбол, волейбол, баскетбол және шахмат ойындарыннан қаладығы 4 аудан бойынша жастар сынға түсті.
Алдымен баскетболдан финалдық ойындар өтіп, чемпиондар анықталды.
Сайыс қорытындысы бойыншаМ.Х.Дулати атындағы №8 гимназия-мектебі 1-орын, Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейі ІІ орын, №28 жалпы орта білім беретін мектебі ІІ орынға ие болды.
Жеңімпаз командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі 1 маусым күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионда өтеді.