Шымкентте Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жиынға қала әкімі Мұрат Әйтенов төрағалық етті. Онда 2022-2023 жылдарға жоспарланған жобалардың ағымдағы жағдайы мен хаттамалық тапсырмалардың орындалу барысы қаралды.
Жоспар бойынша алдағы 2 жылда 1 триллион теңгеден астам инвестиция тарту көзделуде.
Осы жылдар ішінде қайта өңдеу өнеркәсібі, ауылшаруашылығы, сауда, білім мен денсаулық саласында және тұрғын үй құрылысы бағытындағы инвестициялық жобалар жүзеге асырылады деп күтілуде. Бұл жобаларға инвестиция тарту мен оның жүзеге асырылуын бақылау осы штаб отырысында талқыланып, түйткілді мәселелердің шешімі қаралатын болады.
Штаб отырысында тұрғын үй, жеке білім нысандары бойынша атқарылатын инвест жобалардың шешілмей жатқан мәселелері талқыға түсті. Жер телімдерін мемлекет мұқтаждығына қайтару, инфрақұрылым жеткізу бойынша бірқатар кедергілер бары айтылды.