Шымкент қаласына ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Денсаулық сақтау министріқаладағы халықаралық стандарттарға сай жедел медициналық жәрдем көрсету станциясының Call орталығының жұмысымен танысты. Орталықта бір ауысымда 30 диспетчер жұмыс істейді.
–Эпидемиялогиялық жағдайдың өршуіне байланыстықазіржедел жәрдем қызметіне күніне 5000-ға жуық қоңырау келіп түсуде. Соған қарамастан жедел жәрдем қызметкерлері күшейтілген рижимде жұмыс істеп, науқастарға медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп жатыр,- дедіорталықтың бас дәрігері Г. Құрманбекова.
Орталықтың жай-күймен танысқан министр А.Цой пандемиямен күресте алдыңғы шепте жұмыс істеп жүрген жедел жәрдем қызметкерлерініңеңбегін жоғары бағалап,өз алғысын білдірді.
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрі «Медикер» медициналық орталығының жұмысымен танысты. Орталықты аралап шыққан министр оңалту емін алып жатқан науқастардың жағдайын көріп шықты.