Шымкентте биыл кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары үшін бюджеттен 12,9 млрд. теңге қаржы бөлінген. Одан бөлек, республикалық бюджеттен қосымша 5,1 млрд. теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Пандемия жағдайында бұл бағыттағы мемлекеттік қолдаулар өткен жылдармен салыстырғанда екі есеге артқан. Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам кәсіпкерге қолдау көрсету жоспарлануда.
Қалада бизнес өкілдеріне көрсетілген мемлекеттік қолдаудың арқасында соңғы үш жылда өнеркәсіп өнімнің көлемі 162 млрд. теңгеге немесе 32,9 пайызға артқан.