Шымкент:Әскери жетекшілерден тәлім алғысы келетін жастардың саны артып келеді

Шымкент:Әскери жетекшілерден тәлім алғысы келетін жастардың саны артып келеді

Бүгін Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №68 мектепте «Айбыны асқақ жас сарбаз» атты семинар-сабақ өтті. Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне 30 жыл толу мерекесіне орай ұйымдастырылған іс‐шараға Қарулы күштердің ардагерлері, білім басқармасының әдіскері Бақытжан Нұсқабаев пен Шымкент қалалық «Жас сарбаз» ұйымының төрағасы Еркін Сәбит қатысты.

Іс‐шара жастардың әскери‐патриоттық тәрбиесін жетілдіру, әскери клубтардың қызметін үйлестіру мақсатында ұйымдастырылды.

Республика көлемінде өткен семинар сабақта «Aibyn-2021» әскери патриоттық клубының жастары іс‐тәжірибелерімен бөлісті.

№68 мектептің екі сыныбында «Жас сарбаз» клубын аштық. Клубта ҚР Қарулы күштердің ардагерлері жас сарбаздармен тәжірибесімен бөліседі. Әскери жетекшілерден тәлім алғысы келетін жастардың саны артып келеді. Туған елі үшін еңбек ететін жас ұрпақты өсіріп, болашақ Отан қорғаушыларды тәрбиелеуіміз керек, – деді полковник Серік Онбаев.

Айта кетейік, №68 мектептің әскери сыныбында 77 оқушы білім алуда. Оқушылар автоматты шашып, қайта жинауды, саптық шеру мен алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренеді.