​ШЫМКЕНТТЕ 100 ЕРІКТІ ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

​ШЫМКЕНТТЕ 100 ЕРІКТІ ПОЛИЦИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Қалалық полиция департаментіне мегаполистің 100-ге жуық белсенді жастары тәртіп сақшыларының жұмысымен танысуға мүмкіндік алды. «Полициядағы бір күн» іс-шарасы «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» РҚБ-нің Шымкент қалалық филиалымен бірлесіп ұйымдастырылған.

Шара барысында жастар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жұмылдырылатын патрульдік полицейлердің таратуына қатысып, жедел басқару орталығы мен департамент мұражайында болды. Сонымен қатар, киберқауіпсіздік туралы ақпараттар алды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара жастардың құқық қорғау органдарына деген сенім деңгейін арттыруға, полиция қызметімен кеңірек танысуға, жастардың заңсыз әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершіліктер туралы хабардарлығы мен құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған.

Шымкент келбеті