Шымкент қаласында кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында биыл 56,1 млрд.теңгеге 1 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен қатар, 21 жобаны іске қосу көзделген, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы қәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков айтты.
Оның айтуынша, бұл жобаларға тұрақты мониторинг жұмыстары жүргізіліп, проблемалық мәселелерін шешу бойынша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде екен.
Жалпы қалада кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидасымен қажетті қызметтер көрсететін «Бизнеске арналған үкімет - Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс атқаруда.